12 мамыр 2021 17:24

"Қалай несие алғанымды білмеймін": 162 қарағандылық косметология клиникасынан зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қарағандыда 162 әйел косметология клиникасының құрбаны болды. Жалпы шығын мөлшері 25 миллион теңге болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда 162 әйел косметология клиникасының құрбаны болды. Жалпы шығын мөлшері 25 миллион теңге болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккендер полицияға арыз түсірген. Олар Beauty KRG клиника қызметкерлері алдап шақырып, кейін психологиялық қысыммен қымбат қызметтерге несие рәсімдеуге мәжбүрледі деп мәлімдеген.

"Алдымен олар жиі қоңырау шалып, тегін рәсімге шақырды. Онда барғанымда маған өте жақсы қызмет көрсетті, мақтап, әдемі болуға лайық екенімді айтты. Ол гипноз сияқты. Қалай несие рәсімдеп шықанымды білмеймін", - деді жәбірленушінің бірі Анастасия.

Мұндай оқиға клиниканың басқа тұтынушыларының да басынан өткен. Олар клиникадан шыққаннан кейін ғана қателік жібергендерін түсінгенін айтты. Бірақ клиника қызметкерлері ақшаны қайтарудан бас тартқан. Сондықтан еріксіз баруға тура келген.

"Өз басым онда ақшам ысырап болмауы үшін бардым. Ешқандай әсері болған жоқ. Толық курстан өткенде нәтиже болады деп үміттенген едім. Ал сәуірде кеңсе жабылып қалды. Мен шағым түсірдім. Мен сияқты алданған 162 адам бар болып шықты. Мүмкін, іс жүзінде одан да көп шығар. Бірақ әзірге өтініш жазғандары осы", - дейді Гүлмира есімді зардап шегуші.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне 162 адам ресми өтінішпен жүгінгенін растады. Дерек бойынша ҚР ҚК-ның 190-бабы 4-бөлігі "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта клиниканың екі қызметкері ұсталған.

"Алдын ала мәлімет бойынша шығын сомасы - 25 миллион теңге. Екі адам ұсталды. Біреуі 29 жаста, екіншісі 34 жаста. Тергеу жүріп жатыр. Біз несие алу кезінде абай болуға шақырамыз. Алаяқтарға тап болмас үшін мұндай шешімді қабылдау кезінде өте мұқият болу керек", - деді департамент өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети