10 қыркүйек 2014 | 21:17

Кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған волейбол жаттықтырушысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған аудандық соты "кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады" деп айыпталған волейбол жаттықтырушысын он жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Жаттықтырушының үстінен Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлімі бойынша іс қозғалған болатын.

Нақтылап айтар болсақ, 28 маусымда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейболдан жаттықтырушысы Батыс Қазақстан облысына қарасты ауылдардың бірінде жүріп, өзі жете тани қоймайтын кәмелеттік жасқа толмаған қыздың ұялы телефонына қоңырау соғып, оны кездесуге шақырған. Ал қыз жаттықтырушының ұсынысынан бас тартқан. Алайда, жаттықтырушы райынан қайта қоймайды. Ол қайтадан қызбен хабарласып, оған және оның туыстарына қастандық жасаймын деп қорқытып, иесіз ғимараттың қасында кездесуді талап етеді. Қорыққан қыз айтылған жерде жаттықтырушымен жолығады. Күдікті сол сәтте оған күш жұмсап, мәжбүрлі түрде көлігіне мінгізіп алып, далаға алып кетіп жыныстық қатынасқа түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети