08 ақпан 2022 12:14

Қаңтар қасіреті: тәртіпсіздіктер кезінде арматура таратқандар ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға темір таратқандар ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға темір таратқандар ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар күдікті алты жігітті ұстаған. Олардың жасы - 20-дан 24 жасқа дейінгі аралықта.

"5 қаңтарға қараған түні олар ұзындығы 70 сантиметр темір дайындағаны анықталды. Күдіктілер бұл әрекетті Шаңырақ шағынауданындағы үйлердің бірінде жасаған. Олар келесі күні жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға темір таратқан", - деді Алматы ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Оның айтуынша, кездейсоқ куәгерлер темір таратылған сәтті ұялы телефонға түсіріп алған. Кадрлардан адамдар Төле би көшесі бойында "Газельдегі" темірлерді "таратып жатқанын" көруге болады.

"Заңсыз әрекеттерге қатысушылар анықталып, ұсталды. Олар түні бойы құқық қорғау қызметкерлеріне дене жарақатын салу мақсатында тәртіпсіздіктерге қатысушыларға темір дайындағанын мойындады", - деді Әбілбеков.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігіне сәйкес жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін айып тағылып, қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети