20 қазан 2022 17:50

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару Жетісу облысы тұрғынынан тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы полициясы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полициясы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуылға қатысқан 26 ​​жастағы ер адам ұсталды. Ол Жетісу облысының тұрғыны болып шықты.

Күдіктіні ұстау бойынша арнайы операцияны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы жасақтары жүргізген.

"Ер адамнан қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған тапанша тәркіленді. Күдіктінің үйінде мамандандырылған сот санкциялаған тінту барысында осы тапаншаның қапшығы табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, ұсталған адамның әкесінің үйінде, Жетісу облысы, Қаратал ауданы аумағында тінту жүргізілді. Онда ИЖ - 26, 12 калибрлі тегіс ұңғылы, қапшығы бар мылтық, оған нысаналы оптика, пышақ, тапанша түріндегі оттық тәркіленді", - деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети