25 сәуір 2022 14:50

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздік қалай ұйымдастырылғаны белгілі болды

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік қалай ұйымдастырылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік қалай ұйымдастырылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың сөзінше, 4 қаңтарда Алматы облысында А. және жеке адамға қарсы қылмысы үшін сотты болған С. есімді адамдар қирату, мүліктерді жою және билік өкілдеріне қарсы күш қолдануды ұйымдастырғаны туралы алдын ала сөз байласқан.

"5 қаңтарда бұл адамдар әлеуметтік желі арқылы Талдықорғандағы шағынауданда 400 адамды жинап, сол жерде оларға облыс әкімдігін басып алу үшін нұсқау берген. Содан кейін ұйымдасқан топ орталық алаңға қарай жүріп, жол бойында қолдарына тас алып, металл кесінділермен қаруланған. Арессив топ қолда бар құралдардың көмегімен полиция қоршауын бұзып, облыс әкімдігінің ғимаратын өртеді. Олар тоқтамай топқа тағы 500 адамды қосып алып, барлығы Талдықорғандағы полиция ғимаратын басып алуға барды. Ғимарат 80 пайызға жойылды", - Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети