Сәуірде республика бойынша есірткі айналымына қарсы операциялар жүргізілген. Осылайша қара нарықтағы құны шамамен 405 млн теңге тұратын есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, есірткі сатудың 37 дерегі және синтетика сақтаудың 37 дерегі анықталған.
"Заңсыз айналымнан 13,5 келі синтетика тәркіленді, оның қара нарықтағы құны шамамен 405 млн теңге болады. 29 адам ұсталып, уақытша изоляторға қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!