05 шілде 2022 15:54

Қарағанды облысында жалған шот-фактура жасаған топ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры/ҚМА Видео кадры/ҚМА

Қарағанды облысында жалған шот-фактуралар жазып берген бір топ адам мемлекетке 265 миллион теңгеден аса шығын келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында жалған шот-фактуралар жазып берген бір топ адам мемлекетке 265 миллион теңгеден аса шығын келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Амангелді Қуаныш есімді ер адам басқарған топқа қатысты жұмыстарды іс жүзінде орындаусыз, қызмет көрсетусіз және тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактураларды шығару дерегі бойынша соталды тергеуді аяқтады. Тергеу барысында Амангелді Қуаныш 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде үш серіктесімен алдын ала келісім бойынша қылмысқа барғаны анықталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, Амангелді Қуаныш пайда алу мақсатында 265 миллион теңгеден аса мөлшерде мемлекетке залал келтірілген салық салынатын айналымды жасанды түрде арттыру үшін бақылаудағы тұлғалар атына 29 кәсіпорын сатып алып, тіркеген.

Сот үкімі бойынша Амангелді Қуаныш, Фуринец Дмитрий, Зинченко Сергей және Амангелді Айдос қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылдан 2,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети