14 наурыз 2024 15:13

Қарағанды облысында көлік жүргізушісіне белгісіз ер адам пышақпен шабуылдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында ер адам жүргізушіге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында ер адам жүргізушіге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шабуыл Ахмет ауылынан шығаберісте болған. Әлеуметтік желілерде қан-жоса болған адамның оқиға туралы айтып жатқан видеосы тарап жатыр.

Зардап шегушінің айтуынша, ол Астанаға жұмысқа бара жатқан және аялдамада жолда тұрған әйелді көрген. Жүргізуші тоқтаған кезде әйелдің жанына ер адам келген. Әйел оны Астанаға жеткізіп тастауды өтінген, бірақ жүргізушінің айтуынша, екі жолаушы да күдікті көрінген. Ол көліктің есігін жауып, кетіп қалмақ болғанда, бейтаныс ер адам пышақпен шабуылдаған.

Желідегі видеода әйел де бар. Әйелден шабуыл жасаған ер адам ұлы ма екенін сұрағанда, ол анық жауап бермейді. Оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір берді. Күдікті ұсталғаны хабарланды.

"Нұра ауданында 14 наурызда жергілікті тұрғынды пышақтап кеткен күдікті ұсталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети