05 шілде 2019 11:46

Қарағанды облысында шенеунік пара алғаны үшін ірі көлемде айыппұл төлейді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ves-novgorod.ru © ves-novgorod.ru

Қарағанды облысында мемлекеттік мекеменің басшысына ірі көлемде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қарағанды облысында мемлекеттік мекеменің басшысына ірі көлемде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің басшысы Н. Әбділдинге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 

"Н.Әбілдин орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және автомобиль жолдарын қыс мезгілінде ұстауға бөлінген ақша қаражатын аударғаны үшін мердігер ұйымның өкілінен пара алды. Биыл 25 маусымда Бұқар жырау аудандық сотының үкімімен Әбділдинге 9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада. 

Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот айыппұл төлеу мерзімін белгіледі және айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети