07 желтоқсан 2016 14:16

Қарағанды облысының тұрғыны ойда жоқта банкке 300 мың теңге қарыз болып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© UINP.info © UINP.info

Қарағанды облысында банктердің бірінің қызметкерінің алаяқтық әрекеті тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды облысында банктердің бірінің қызметкерінің алаяқтық әрекеті тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы оқырман редакциямызға хабарлады. Қарағанды облысы Шет ауданы Сәкен Сейфуллин кентінің тұрғыны екінші деңгейлі банктердің бірінен биыл тамыз айында 1 200 000 теңге көлемінде кредит алғанын айтады. Алайда ай сайынғы төлемі келісімшартта көрсетілген сомадан 10 мың теңгеге артық болып шыққан. Осыдан кейін тұрғын банктің басшылығына барып, мән-жайды білген. Айтуынша, банктің қызметкері кредитті рәсімдеу кезінде соманы 1 500 000 теңге деп көрсетіп, ал банк клиентіне 1 200 000 теңге деп көрсетіліп, жалған қол қойылған келісімшарт берген. Келісімшартта мөр де жоқ болып шыққан. Қазіргі уақытта, жәбірленушінің айтуынша, банк қызметкері ұсталған және кінәсін толығымен мойындаған. 

Ал Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл істі Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі қараған. "Банк қызметкерлері тарапынан болған алаяқтық дерегі туралы арызданушының өтініші ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасы Орталық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети