03 қазан 2014 | 19:28

Қарағанды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews иллюстрациясы © Tengrinews иллюстрациясы

Қарағанды тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марлен Шалтақовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тергеу істерінің заңды өтуін бақылаушы басқарма мен Қарағанды облысының тергеу бөлімі прокуратурасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марлен Шалтақовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тергеу істерінің заңды өтуін бақылаушы басқарма мен Қарағанды облысының тергеу бөлімі прокуратурасына сілтеме жасап. 

"Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, жолаушы тасымалы және Қарағанды автокөлік жолдары" мемлекеттік басқармасының басшысы қызмет бабын асыра пайдаланды деп айтыпталуда. "Ол "Мемлекеттiк сатып алу туралы" заңына сәйкес Қарағандыға электр жарығын жеткізетін бағаналарды орнату туралы конкурсқа қатыспаған кәсіпкерлермен келісім жасаған. Бұл әрекеттің салдарынан мемлекетке материалдық шығын келді. Шығынның нақты сомасын жария етпейміз, өйткені ол тергеу барысында тағы да өсуі мүмкін", - деп Қарағанды тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі түсіндіріп берді облыстық прокуратура өкілдері.  

Бұған дейін "Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану" бабы бойынша Қарағанды тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысынан басқа Қарағанды қалалық жер қатынастары бөлімінің жетекшісі Ернар Дәрібековқа қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Оған кәсіпкерлік субъектілеріне жер телімдерін заңды бұза отырып берді деген айып тағылған. Шенеунік "Қарағанды көлік-логистика кешені" фирмасына Қарағанды аумағынан жалпы ауданы 40 гектар болатын жеті жер телімін заңсыз берген.

Айта кетейік, Қарағандыда соңғы төрт күннің ішінде тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы өз қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып отырған төртінші шенеунік. Қазіргі таңда тергеу изоляторында Ернар Дәрібековтан басқа Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев және Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов отыр. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети