Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қарағанды облысының экс-әкімі қамауда қала береді

02 Қазан 2014, 13:57
5
Бауыржан Әбдішев сот залында. ©Айсұлу Бұштаева
Бауыржан Әбдішев сот залында. ©Айсұлу Бұштаева

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қамауда қала береді, облыстық соттың апелляциялық алқасы оны ешқайда кетпеуі туралы қолхатпен немесе кепілмен босатудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сот алғашқы инстанцияның қаулысының күшін жоюға негіз жоқ, тұтқындау шарасы оған тағылған айыптың ауырлығына, мемлекетке келтірілген материалдық шығын сомасының ірілігіне және басқа да жағдайларға қарай таңдалды деп есептейді", - деді апелляциялық алқасының қаулысын оқыған судья Жұмабай Әбішев. Сөйтіп, Әбдішев АК-159/1 тергеу изоляторында екі айға, яғни тергеу аяқталғанша қалатын болды.

Еске сала кетейік, Қарағандының Қазыбекби аудандық №1 соты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталған Қарағанды облысының бұрынғы әкімін тұтқындауға санкция берген болатын. Тергеудің мәліметінше, Әбдішев қырлы кеспетастар мен тротуар плиткасын өндіру зауытын ашып, оған атаулы тұлғаны басшы етіп қояды. Компания өзге жеткізушілердің мүддесіне нұқсан келтіре отырып және "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңды бұза отырып, саябақтар мен басқа да нысандарды жөндеуге өнім жеткізіп тұрған.

Қарағанды облысының экс-әкімі жер учаскелеріне байланысты түрлі астыртын әрекеттерге барды деп те айыпталып отыр. Тергеудің алдын ала мәліметіне қарағанда, Әбдішев заңнаманы бұза отырып және өзгелердің мүддесін ескермей бизнес өкілдеріне жер телімдерін беріп отырған. 

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай