23 желтоқсан 2016 14:52

Қарағандыда ерлі-зайыптыға екі жасар қызын өртеп жіберді деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aif.ru © aif.ru

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасар қызды бастапқыда көшеде суыққа тастап кеткен, келесі күні ерлі-зайыптылар оның денесін үй пешіне салып, өртеп жіберген делінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.


Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасар қызды бастапқыда көшеде суыққа тастап кеткен, келесі күні ерлі-зайыптылар оның денесін үй пешіне салып, өртеп жіберген делінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Құқық қорғау органдары азаматтық некедегі ерлі-зайыптыға қатысты "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыс Үштөбе ауылының маңында жасалған. Күдіктілер 10 күнге қамауға алынды.

"Азаматтық некедегі ерлі-зайыптыны 10 күнге қамауға алуға санкция берілді. Олар әзірше күдікті", - деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі Қазыбек би аудандық сотының БАҚ бойынша координатор судьясы Әлия Жошева. 

Дереккөз Tengrinews.kz тілшісіне ерлі-зайыптының қызды бастапқыда өлтіріп, кейін денесін көшеге тастаған деген мәліметті айтты. Келесі күні, алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты қылмыс ашылып қалуы мүмкін деп ойлап, денесін өз үйлеріндегі пешке салыпп, өртеген. Отағасы қаза болған қыздың өгей әкесі болған.

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар мүлкі тәркілене отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети