09 тамыз 2021 15:23

Қарағандыда қызметінен босатылған шенеунік той жасаған мейрамхана қанша айыппұл төлейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда Arista мейрамханасының иесі мен 7 тамызда мейрамханада өткен екі тойдың ұйымдастырушыларына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда Arista мейрамханасының иесі мен 7 тамызда мейрамханада өткен екі тойдың ұйымдастырушыларына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, карантин шараларын бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл салынады. Осы баптың санкциясына сәйкес, жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 87 510 теңге. Кәсіпкерлік субъектілерге - 230 АЕК, яғни 670 910 теңге.

"Біздің облыс "қою қызыл" аймақта. КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай бір айдан аса уақыт тұрақсыз. Осыған байланысты көпшілік жиналатын іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде банкеттер, үйлену той, мерейтойлар, еске алу, туған күндер, "құдалық", "беташар" және басқаларды ойын-сауық мекемелері мен үйде өткізуге тыйым салынғанын еске саламыз. Облыс кәсіпкерлері мен тұрғындарын барлық карантин шектеулерін сақтауға шақырамыз!", - деді Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Калел Мақсұтовты қаладағы элиталық мейрамханалардың бірінде қызына "Ұзату той" жасағаны үшін қызметінен босатылған болатын. 7 тамызда қарағандылықтар әлеуметтік желілерде Arista мейрамханасында қымбат автокөліктердің жаппай жиналғаны түсірілген видеоны жариялай бастады.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері сол күні мейрамханада бірден екі той болғанын хабарлады. Екеуін де мобильді топ мүшелері тоқтатты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети