09 тамыз 2021 10:42

Қарағандыда карантинде той жасады деген шенеунік қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Калел Мақсұтов тойға қатысты тексеріс жүргізілгеннен кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Калел Мақсұтов тойға қатысты тексеріс жүргізілгеннен кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі өңірдің Жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтовты қызметінен босатты. Ол карантин кезінде қызының тойын өткізді деп айыпталды. Әкім шешімді Қарағанды облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мәлім етті.

"Бүгіннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мұқатайұлы Мақсұтов карантинді өрескел бұзып, пандемия кезінде той ұйымдастыруға байланысты қызметінен босатылды. Мен тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметкердің этикасының барлық нормасы бұзылған. Өңірде коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты құнсыздандырмаңыз. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыз. Қызметкер мәртебесі немесе жұмыс орнына қарамастан жауапкершілікке тартылады", - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Қарағандыда карантинге қарамастан көп адам жиналған той өткені туралы хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, өңірлік жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызының тойын жасаған. Видео Желіде жарияланғаннан кейін әкімдік Мақсұтовқа қатысты тексеріс жүргізелетінін мәлімдеді. Егер факт расталса, шенеунік қызметінен айырылатыны айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети