08 тамыз 2021 15:48

Полиция Қарағандыдағы тойдың видеосын түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Қарағанды облысының Полиция департаменті мейрамхана сыртында полицейлер көлігі тұрған тойдың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының Полиция департаменті мейрамхана сыртында полицейлер көлігі тұрған тойдың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда карантинге қарамастан көп адам жиналған той өткен. Куәгерлердің айтуынша, өңірлік жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызының тойын жасаған. Видео Желіде жарияланғаннан кейін әкімдік Мақсұтовқа қатысты тексеріс жүргізелетінін мәлімдеді. Егер факт расталса, шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін.

Жергілікті белсенді Руслан Лазута мерекеге қонақ ретінде Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің өкілі қатысқанын айтты. Алайда Қарағанды облысы ПД мәліметінше, белсендінің мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.

"7 тамызда "109" телефонына хабарлама түсті: мейрамханалардың бірінде тұрғындар мен көлік көп жиналған іс-шара өткізілген. Оқиға орнына құрамында полиция қызметкерлері, санэпидстанция және Қарағанды әкімдігінің өкілдері бар мобильді топ келді. Факт расталды.

Мекеме сыртында көліктер мен адам көп болғанын ескере отырып, мобильді топ мекеменің аумағын қоршауға алу және тәртіп үшін қосымша полиция жасағын шақырды", - деді департамент өкілі.

Полиция той тоқтатылғаннан кейін тұрғындар ғимараттан шығып жатқаны түсірілген видеоны ұсынды.

"Полицейлер мейрамхананың кіші залында 38 жастағы ер адамның тапсырысымен ұйымдастырылған "Сүндет тойын" анықтады. Оған 40 адам қатысқан. Ал үлкен залда 57 жастағы қала тұрғыны ұйымдастырып жатқан той анықталды. Онда шамамен 350 адам болды.

Полиция мен мобильді топ тойды тоқтатты.

Факт бойынша әкімшілік іс қозғалды, олар СЭС-ке қарауға жіберілді", - деп түсіндірді департаменттегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети