08 тамыз 2021 13:40

Қарағандыда шенеунік қызына той жасады деген ақпарат тарады. Әкімдік тексеріс жүргізеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қарағандыдағы Arista мейрамханасы маңында қымбат автокөліктер тұрғаны түсірілген видео таралды. Басылым авторларының айтуынша, онда өңірлік жер қатынастары басқармасы басшысы Қалел Мақсұтовтың қызының тойы болған. Өңір әкімдігі қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Қарағандыдағы Arista мейрамханасы маңында қымбат автокөліктер тұрғаны түсірілген видео таралды. Басылым авторларының айтуынша, онда өңірлік жер қатынастары басқармасы басшысы Қалел Мақсұтовтың қызының тойы болған. Өңір әкімдігі қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Arista мейрамханасының сыртында қымбат көліктер тұрғаны түсірілген видео таралды. Басылым авторларының айтуынша, 7 тамызда өңірлік жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтовтың қызының тойы болған. Басылым мәліметінше, мерекеге 500 адам шақырылған, олардың арасында жоғары шенділер де бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Денис Денски (@denski_blog)

Жергілікті белсенді Руслан Лазута салтанатқа қонақ ретінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің өкілі қатысқанын мәлімдеді. Tengrinews.kz Ішкі істер министрлігіне осы хабарлама қатысты сауал жолдады.

Видео Желіде тарап кеткеннен кейін Қарағанды әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Arista мейрамханасының иелеріне қатысты санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың бұзылуына байланысты нысан қызметін тоқтату бойынша шаралар қабылданады. COVID-19 жұқтыру дерегі өскеніне қарамастан, мекеме иелері мен бұқаралық шараларды ұйымдастырушылар жақындарына инфекция жұқтыру және тарату қаупін төндіретіні өте өкінішті. Бұл мәселе Қарағанды әкімдігінің, құқық қорғау органдарының және мониторингтік топтың жеке бақылауында", - деді ведомство өкілі.

Қарағанды ​​облысы әкімінің баспасөз қызметі де видеоға қатысты пікір білдіріп, Қалел Мақсұтовқа қатысты арнайы тексеріс жүргізілетінін айтты.

"Мемлекеттік қызметкерге қатысты арнайы тексеріс тағайындалады, егер карантин шектеулерін бұзу дерегі расталса, оған қатысты қызметінен босатуға дейін ең қатаң шаралар қолданылады. Сондай-ақ, іс-шара тоқтатылды. Ұйымдастырушыларға әкімшілік айыппұл тағайындалады. Жауапты мемлекеттік органдар мәртебесі мен жұмыс орнына қарамастан заңбұзушылықтарды жою үшін қатаң шаралар қабылдайды", - деді Қарағанды ​​облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети