14 тамыз 2021 10:26

Туған күндегі суреттерге байланысты Аргентина президенті сынға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Alberto Fernández / Facebook Фото: Alberto Fernández / Facebook

Карантин уақытында туған күн жасаған Аргентинаның бірінші ханымының суреттері елдің саяси ортасында жанжал тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.  


Карантин уақытында туған күн жасаған Аргентинаның бірінші ханымының суреттері елдің саяси ортасында жанжал тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.  

Аргентинаның бірқатар басылымы елдің бірінші ханымы Фабиола Яньестің туған күнінен суреттер жариялады. Кадрларға қарағанда, іс-шараға 12 адам қатысқан, олар үстелде бетпердесіз отыр, әлеуметтік қашықтық сақталмаған. 

TN телеарнасының мәліметінше, суреттер былтыр шілдеде мемлекет басшысының резиденциясында, елде кез келген іс-шараларға тыйым салынып, қатаң карантин кезінде түсірілген.

Ал РИА Новостиде федералды прокурор резиденцияға барған адамдардың тізімін сұратқаны жазылды. 

Президент Альберто Фернандес бұл мәселе бойынша әзірге түсінік берген жоқ. Енді оппозиция депутаттары оның импичментін талап етпек.

Бұған дейін Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Калел Мақсұтов карантин кезінде қаладағы таңдаулы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату жасағаны үшін қызметінен босатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети