Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қарағандыда өлтірілген сәбидің анасына мемлекетаралық іздеу жарияланды

03 Наурыз 2015, 19:23
0
Назгүл Байбосынова. ©Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі
Назгүл Байбосынова. ©Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі

Жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен оның анасы - Алматы облысының тұрғынына мемлекетаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, оқиға Қарағандыда ақпан айының соңында болған еді. 

Тергеушілер баланың анасы Алматы облысының тұрғыны Назгүл Байбосынова екенін анықтады. Оған өзінің төрт айлық қызы Меруертті өлтірді деген күдік келді. Сәбидің денесі 25 ақпанда кешкі уақытта Қарағанды облысының 30-ықшамауданындағы "Аян" сауда үйінің маңында қоқыс контейнерінен табылды. Баланың денесі бірнеше рет пышақталған.

Сәбидің әкесі полицейлерге таяуда таңғы уақытта жұмыс іздеу үшін үйден шығып кеткенін, ал қайтып келгенде өз әйелін де, баланы да таппағанын айтты. Оның сөзін бірнеше куәгер растап отыр - жұмыс берушілер мен сол күні көріскен таныстары. Тәртіп сақшылары бастапқыда сәбиді әкесі өлтірді деген болжам жасаған, бірақ ол кінәсін мойындамай, баланың анасымен заңды некеде болмағанын түсіндірді. Ал көршілері жас ата-ананың табысы орташа отбасы екенін және ешқашан жанжалдаспағанын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай