17 мамыр 2017 11:52

Қарағандыда студент қызды қағып кеткен полиция қызметкері болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда студент қызды қағып кетті деген күдікпен учаскелік инспектордың көмекшісі ұсталды. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Полиция қызметкерлері учаскелік инспектордың көмекшісін уақытша ұстау абақтысына қамады. Ол 16 мамырда сағат 22:00-де Университетская және Мұқанов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер жүргізушінің оқиға болған сәтте ішімдік ішпегенін айта кетті. Қазір бұл оқиға бойынша бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. 

Айта кетейік, оқиға 16 мамырда ҚарМУ жатақханасының маңында болған. Қаза тапқан қыздың әпкесі Ботаның сөзінше, Арайлым құрбысымен бірге дүкеннен шығып, жатақханаға бара жатқан. Қыздар жолды жаяу жүргіншіге арналған тұсынан кесіп өтпек болған. Көлік асқан жылдамдықпен келген. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жедел жәрдем келіп жеткен кезде қыз бала жансыз жатқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети