09 маусым 2020 19:50

Қарағандыдағы атыс: дәрігерлер зардап шеккен екі адамды операцияға дайындап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Дәрігерлер Қарағандыдағы атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Қарағандыдағы атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен екі адам да профессор Мақажанов атындағы ауруханада жатыр. Олар - 1989 және 1988 жылғы ер адамдар. Дәрігерлер науқастарға операция жасауға дайындалып жатыр.  

"Науқастардың жағдайы орташа. Олардың біреуінде бір аяғының сүйегі сынып, ал екінші науқастың екі аяғы да сынған. Сынықтар атыс жарақаттарының нәтижесінде пайда болды. Басқа зақымданулар жоқ. Тамырлар мен нерв жүйесіне зақым келмеген. Науқастар дәрігерлердің бақылауында. Болған оқиғаға байланысты ешқандай түсініктеме бермеді", - дейді аурухана өкілдері.

Еске салайық, Қарағандыда белгісіз біреу атыс шығарып, екі адам зардап шеккен еді. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видеолар пайда болды. Тәртіп сақшылары оқиға 9 маусымда болғанын растады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети