05 ақпан 2021 12:34

Қарағандыдағы колония басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда АК-159/9 колониясы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Қазыбек би аудандық соты оны алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда АК-159/9 колониясы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Қазыбек би аудандық соты оны алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, бұрынғы әділет подполковнигі антты бұзып, сотталғандардың бірінің ақшасын алаяқтық жолмен иемденген. Ол оған 3,5 миллион теңге берсе бостандыққа шығаруға уәде еткен. Бұл ақша "шенеуніктерге мәселені шешіп беруге арналған".

Сотталушы өзінің босатылуын күтпей және Антикоррупция қызметіне жүгінді. Әділет подполковнигіне қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: 190-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы және 28-баптың 4-бөлігі, 367-баптың 2-бөлігі.

"Прокурор сотталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаныс жағы ақтауды сұрады. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды", - дедіі Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.  

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети