28 қазан 2020 15:03

Қарағандылық әйел әлеуметтік желілерде порно-видеоларын сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық бейнежазбаларын таратқан әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық бейнежазбаларын таратқан әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram және Telegram-да порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтады.

"Бұл бейнежазбалар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған. Hi-tech жедел-алдын алу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнежазбаның авторын анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бір топ адаммен бірге бейнежазбалар түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған.

Әлеуметтік желіде бейнежазбалардың бағалары да жарияланған. Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңге немесе 1200 ресей рубліне бағаланса, алдын ала тапсырыс бойынша бейнежазба 17 мың немесе 3 мың ресей рубліне бағаланған. Ал басты рөлдегі әртіспен интимдік кездесу құны 300 АҚШ долларына белгіленген", - деп жазады дереккөз.

"27 қазанда Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның заңға қайшы әрекеттеріне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабына ("Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату") сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның серіктестерін анықтау және іздеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізіп жатыр", – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети