01 қараша 2020 18:05

Порно-видеоларын сатқаны үшін ұсталған қарағандылық әйел сотқа арызданбақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде порно-видеоларын сатты делінген әйел күзетшілерді жала жапқаны үшін сотқа бермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде порно-видеоларын сатты делінген әйел күзетшілерді жала жапқаны үшін сотқа бермек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Яна есімді қарағандылық әйел Интернетте оны ұстаған сәтінің видеосы мен ақшамен интимдік қызмет көрсететіні туралы ақпарат таратқан полиция қызметкерлерін сотқа беру ниетті екенін білдірді. Ол ешқашан жезөкшелікпен айналыспағанын айтады.

Оның айтуынша, ол порнографиялық суреттерін сатпаған және ешқандай порно студия ұйымдастырмаған.

"Мен модельмін және оны ешқашан жасырған емеспін. Бірақ полицияның мені айыптағаны - өтірік. Мен порнография таратумен немесе жезөкшелікпен айналысқан емеспін. Біреу менен осылайша кек алуы мүмкін", - дейді ол.

Янаның айтуынша, бірнеше ай бұрын ол Интернетте Украинадан келген жігітпен танысқан. Ол одан интим фотоларын сұраған, сосын ол украиналыққа видео түсіріп, оны жіберген. 

"Менің ойымша, бұл жігіт видеоларды менің атымнан сатқан. Шындығында, менің онымен ешқандай байланысым жоқ", - дейді қыз.

Еске салайық, мұның алдында қарағандылық әйелдің әлеуметтік желілерде порно-видеоларын сатқаны хабарланған болатын. Қарағанды облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram және Telegram-да порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети