Қарағандылық полицейлер 33 жыл бұрынғы қылмысты ашты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Қарағандыда полицейлер осыдан 33 жыл бұрын болған қылмысты - екі адамды өлтіру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда полицейлер осыдан 33 жыл бұрын болған қылмысты - екі адамды өлтіру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері осыған дейін болған қылмстарды ашу мақсатында ескі әрі сол күйі ашылмай қалған қылмыстық істердегі саусақ іздерін алып, "Папилон" криминалистік базасына енгізген. Облыстық ІІД Жедел-криминалдық басқармасының қызметкерлері 1984 жылы қозғалған қылмыстық істердің біріндегі саусақ ізінің Қарағандының 56 жастағы тұрғының саусақ ізімінен сәйкестігін анықтаған. Осылайша, облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, кейіннен ұстады.

"1984 жылдың 5 шілдесінде 23 жастағы күдікті 26 жастағы әйелдің үйіне қонаққа келіп, сонда екеуі бірге ішімдік ішкен. Нәтижесінде олардың арасында жанжал шығып, күдікті 26 жастағы әйел мен оның 23 жастағы құрбысын өлтіріп кеткен. Кейіннен оқиға орнынан жасырынып, пышақты рұқсат етілмеген жерге лақтырып кеткен. ІІМ полиция қызметкерлері сол кезде 11 саусақ ізін алып қалған. Бірақ олар оның кімге тиесілі екенін сол күйі анықтай алмаған", - деді облыстық ІІД өкілдері.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer