12 шілде 2016 15:07

Қарағандылық үш ер адам пәтер үшін ағайынды екеуді өртеп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bolshoyvopros.ru © bolshoyvopros.ru

Үш қарағандылық екі ер адамды тірідей өртеп жіберген. Бұл қылмыстың себебі пәтер мәселесі болған. Сот екі қылмыскерді ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру туралы және олардың мүлкін тәркілеп, жазаларын қатаң режимдегі түзету колониясында өтеу туралы үкім шығарды, ал біреуін жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл іс Қарағанды облысының мамандандырылған аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралды. 22, 23 және 24 жастағы ер адамдар сотқа тартылды. Айта кетейік, үшеуі де осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Екеуі үйленген. Балалары бар.

Сот материалдарына қарағанда, бұл қылмыстың себебі Қарағандының оңтүстік-шығысындағы Николаевтар отбасына мұрагерлерлікпен қалған пәтер екен. 2015 жылдың 20 наурызында екі сотталушы қылмысқа дайындықты бастаған. Олар он метр жіп, скотч, қолғап пен бес полимерлік қап алып қойған. Кейіннен олар үшінші сыбайласымен аялдамада кездесіп, үшеуі Гапеев көшесіндегі № 9 үйге барған. Пәтерге кіре салысымен қылмыскерлер ағайындыларды соққыға жығып, даладағы көлік жаққа баруды бұйырған. Осыдан кейін үшеуі оларды қала сыртына апарып, өртеп жіберген.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, сот екі сотталушыны 21 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілей отырып, жазасын қатаң режимдегі колонияға өтеуге үкім шығарды. Ал үшінші сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның да мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети