1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қаржы мониторингі агенттігі Біртанов ісінің мән-жайы неге айтылмайтынын түсіндірді 28 қыркүйек 2021, 21:08

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) өкілі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісінне қатысты мән-жай неге жария етілмейтінін түсіндірді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Елжан Біртанов сотқа қатысып отырған сәт. © Видео кадры Елжан Біртанов сотқа қатысып отырған сәт. © Видео кадры

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) өкілі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісінне қатысты мән-жай неге жария етілмейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Агенттікке бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртановқа қатысты қылмыстық істің мән-жайы айтылмауы себептеріне қатысты БАҚ-тан сауалхаттар келіп түсіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын хабарлаймыз. Мәліметтер тек прокурордың рұқсатымен жария етілуі мүмкін.

Айта кетейік, тергеу деректерін ашуға жол бермеу туралы талаптар тек тергеу органдарына емес, сонымен бірге, жауапкер тарапына да қолданылады. Сондықтан агенттік әділдік болсын деген мақсатта қылмыстық істің мән-жайына қатысты түсініктеме бермейді", - деп хабарлады агенттік өкілі.

ҚМА Конституцияның 77-бабының 3-бөлігіне сәйкес, іс бойынша айыпталушылардың кінәсін немесе кінәсіздігін тек сот айқындай алатынын еске салды.

Шілде айында Агенттік экс-денсаулық сақтау министрі Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған еді.

"Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке ілінген. Платформа Денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді. Платформа ешқашан жұмыс істемеді және оны медициналық мекемелер пайдаланбайды, бұл жиналған дәлелдермен расталады. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,5 миллион долларға немесе 1,5 миллиард теңгеге тең", - деп хабарлады агенттік.

Айта кетейік, бастапқыда тергеу "Ұрлық" бабы бойынша жүргізілген. 2021 жылдың шілдесінде "билікті теріс пайдалану" бабына ауыстырылды.

Сондай-ақ, Біртанов 2020 жылғы маусымда санавиация әуе кемесін жеке мақсатта пайдалану арқылы өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке ілінген.

"7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанын жарияланды. Осы уақытқа дейін Біртанов тарапы қылмыстық іс материалдарымен танысады. Үйқамақта болу мерзімі 14 қарашаға дейін ұзартылды. Танысу нәтижелері бойынша прокурор айыпталушыларды сотқа беру туралы мәселені қарайды", - деп толықтырды ҚМА.

24 қыркүйекте сот Біртановқа үйқамақты ешқайда кетпеу туралы қолхатқа ауыстыру туралы өтінішін қабылдамай тастаған. Адвокат экс-шенеуніктің үй қамауын заңсыз деп атаған, бірақ судья адвокаттардың өтінішін қабылдамады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram