Қаржылық бақылау инспекциясы қызметкері парамен ұсталды

17 Наурыз 2014, 18:04
0
Қаржылық бақылау инспекциясы қызметкері парамен ұсталды - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
Астаналық қаржы полициясының қызметкерлері Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы - бас бақылаушы-ревизорын ұстады деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"6 наурызда Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс тәртібімен Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы - бас бақылаушы-ревизорына қатысты қылмыстық іс қозғап, оны аяқтады", - делінген таратылған баспасөз парағында.

Қаржы полицейлерінің мәліметінше, бас бақылаушы тексеру қорытындысында заң бұзушылықтың анықталғанын көрсетпеу үшін бір азаматшадан бес мың доллар бопсалай отырып, үш мың доллар сомасында пара алған.

"Ұсталған әйел тергеу барысында кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай