15 мамыр 2015 | 16:02

Қайрат Жамалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Жамалиев сот залында. ©Tengrinews.kz Қайрат Жамалиев сот залында. ©Tengrinews.kz

Астана қалалық ІІД тергеу басқармасы Қайрат Жамалиев пен Анатолий Прибытковқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Қайрат Жамалиев Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соқты деп, ал Анатолий Прибытков бопсалау бойынша айыпталып отыр.

Иконка комментария блок соц сети

Осыған дейін Жамалиевтің адвокаттары кәсіпкердің Әлібиді ұруға мотивінің болуы мүмкін екендігін атап өткен еді. Адвокат Мұхамбетқали Шайхиннің айтуынша, осы істің мән-жайы қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан кейін белгілі болады. Сонымен қатар, адвокаттың пікірінше, Қайрат Жамалиевтің туыстары жапа шеккен адамнан кешірім сұрауға әрекеттенді, бірақ бұл мүмкін болмады.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Жамалиевтің иелігіндегі барлық орындарға "байкот" жариялау мәселесін көтеріп жатыр. Кейін Нұрлан Жұмағұлов тараптардың ымыраға келуін қарастырып отырмағанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети