05 наурыз 2014 16:42

Қазақ-өзбек шекарасында спирт сақталатын құпия қоймалар табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Қазақстанның Өзбекстанмен шекаралас аймағында спирт өнімдері сақталған құпия қоймалар табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметі мамандарына сілтеме жасап. Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Қызылқұм" шекара заставасының наряды Өзбекстан аумағындағы шекара белгісінің маңайынан "УАЗ" маркалы екі машинаның жүргенін байқайды. Шекарашылардан сезіктенген көлік көрші елдің аумағына қарай жасырынды. Қазақстан жағындағы аумақты қарау барысында 1,5 литрлік құтыларға құйылып, одан кейін 240 қапшыққа салынған спирт өнімдері табылған. Жалпы салмағы 9 тоннаға жетіп жығылды. Бұдан кейін "Орынбай" заставасының шекарашылары да тағы бір спирт қоймасын табады – ол жерден бір тоннаға жуық спирт өнімі алынды. "Заңсыз жүкті жатқан жерінде шекара наряды күзетіп шықты. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде жүктің иесі анықталып, оны қазақ-өзбек шекарасына дейін жеткізуге көмектескендер де белгілі болды. Процессуалдық талаптарды сақтау мақсатында және тиісті шешім қабылдау үшін аталған жүктер заттай айғақ ретінде құқық қорғау органдарына берілді", - деп хабарлайды Шекара қызметінің баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, ақпан айында қазақ-қырғыз шекарасында спирт өткізетін құпия құбыр табылған болатын. Жер астымен өткізілген диаметрі 40 мм болатын шлангымен қырғыз еліне қарай спирт тасымалданған. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети