16 маусым 2017 12:52

"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары үй қамауында болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© radiotochka.kz © radiotochka.kz

"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үй қамауына ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үй қамауына ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 мамырда Есіл аудандық соты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын үй қамауына ауыстырды. 6 маусымда тергеу органының өтініші қаралып қанағаттандырылды. Күдікті 16 тамызға дейін үй қамауында болады", - деді Астана қалалық сотындағылар.

23 ақпанда Қанат Сұлтанбеков тұтқындалған болатын. Кейінірек оның қандай бап бойынша күдікке ілінгені белгілі болды. "ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазақстан инжиринг" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Сұлтанбеков Қанат Таңатаровқа қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы - "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сот шешімі бойынша ол тұтқындалды. Істің өзге мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - деп жауап берген еді ҚР ҰҚК өкілдері Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына. 

Ал 6 сәуірде № 2 Есіл аудандық соты Қанат Сұлтанбековті қамауда ұстау мерзімін 16 маусымға дейін ұзартқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети