04 қараша 2020 09:22

Қазақстан тумасы ресейлік кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Ресейдің тергеу комитеті Скрин видео Ресейдің тергеу комитеті

Мәскеу облысында "шұжық королі" Владимир Маруговты өлтірді деген күдікпен Қазақстан тумасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап.


Мәскеу облысында "шұжық королі" Владимир Маруговты өлтірді деген күдікпен Қазақстан тумасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 1971 жылы туған Қазақстан тумасы күдікке іліккен. Оның есімі - Александр Мавриди. Ол 49 жаста. Ұлты - грек, Мәскеуде тұрады. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктіге кім көмектескенін анықтап жатыр.

Мавриди - адам қолынан өлген кәсіпкердің бұрынғы әйелі Татьяна Маругованың досы. Ол куәгерлік беруден бас тартқан.


Фото: Александр Мавриди. © ren.tv

"Мясная империя" және "Озерецкий шұжықтары" зауыттарының иесі Владимир Муругов 2 қарашаға қараған түні Мәскеу облысында өлтірілген. Қылмыскерлер жеке үйдің аумағындағы ваннаға кірген. Кейін кәсіпкер мен оның әйелі Сабина Газиеваны байлап, олардан ақша талап еткен. Әйел оқиға болған жерден қашып, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары үйге келген кезде Владимир Муруговтің арбалетпен өлтірілгені анықталған.

Кәсіпкерді өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық нұсқасы қарастырылып жатыр.


Фото: Владимир Маругов. © ren.tv

"Шұжық королі" несие берушілердің алдында қомақты қарызы болған. Сонымен қатар, ол бұрынғы әйелімен ажырасу кезінде мүлікті бөлуге байланысты арада жанжал туындаған.

Айта кетейік, 2019 жылдың жазында кәсіпкердің 23 жастағы ұлы Александр Маругов жол апатынан қаза тапқан. Мотоциклмен келе жатқан Александр такси көлігімен соқтығысқан. Тізгінде қырғызстандық жүргізуші отырған. Маругов ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны өлімнен құтқарып қала алмаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети