18 шілде 2014 12:02

Қазақстанда 15 ғаламтор-ресурсы экстремистік ақпарат таратқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.nur.kz ©news.nur.kz

Қазақстанда жыл басынан бері экстремистік сипаты бар 15 ғаламтор-ресурсы анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевқа сілтеме жасап. 


Қазақстанда жыл басынан бері экстремистік сипаты бар 15 ғаламтор-ресурсы анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевқа сілтеме жасап. 

"Бүгінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шаралары күшейді. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында прокурорлардың арыздары бойынша 15 ғаламтор-ресурстарының (сан алуан сайттар - авт.) өнімі заңсыз деп танылды. Сондай-ақ сот шешіміне сәйкес, экстремистік сипаты бар 175 ақпараттық материалды таратуға тыйым салынды", - деді Дауылбаев Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, экстремистік сипаты бар барлық сайттар жабылды. 

Жалпы, бірінші жартыжылдықта прокурорлар әлеуметтік-экономикалық сипаты бар 269 мыңнан астап тәртіп бұзушылықтарды анықтады. 300 қылмыстық іс қозғалып, 35 мыңнан астам адам жазаға тартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети