21 маусым 2021 12:55

Қазақстанда биыл 113 педофил колонияға жіберілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: seyminfo.ru Фото: seyminfo.ru

Қазақстанда 2021 жылы 113 педофил түзеу мекемелеріне жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда 2021 жылы 113 педофил түзеу мекемелеріне жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов төрағалық еткен отырыста қадағалау органының 2021 жылдың бес айындағы жұмыс қорытындысы шықты. Баспасөз қызметі мәліметі бойынша, қоғамдық мүдделерді қорғау саласында мемлекеттік бюджетке 11 миллиард теңгеден аса қаражат өтелген. 405 мың жұмыскердің пайдасына жалақы бойынша 3,4 миллиард теңге берешек өндірілген.

"Қылмыстық заңнаманы қатаңдату нәтижесінде мас күйде көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылғандар саны 106-дан 473-ке дейін 4,5 есеге артты, балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық істері бойынша 113 педофил түзеу мекемелеріне жіберілді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық процесте тергеуге прокурорлық қадағалау сапасын арттыруға баса назар аударылғаны айтылды.

Нұрдәулетов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуын бақылау, дәрі-дәрмек, медициналық қамтамасыз ету, жер заңнамасын сақтау жөніндегі Президент тапсырмаларын сапалы орындау қажетін айтып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсу себептеріне талдау жүргізуге бағдар берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети