Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қазақстанда жыл басынан бері қанша педофил сотталған? 25 мамыр 2023, 14:58

Қазақстанда жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін қанша адам сотталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін қанша адам сотталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Massaget.kz порталының ресми сауалына берген жауабына сәйкес, осы жылдың төрт айында кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталған 352 адам пробация қызметінің есебінде тұр.

Департамент сотталғандарға қатысты арнайы шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

"Сотты болғандардың тұрғылықты жерін, мінез-құлқын, оның ішінде интернет желісіне қосылған байланыс құралдарын электронды бақылау түрінде жүзеге асырылады", - делінген ресми жауапта.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан бері 114 сотталған адамға электрон бақылау қолданылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram