08 қаңтар 2019 10:24

Қазақстанда қылмыс жасаған қылмыскер 1999 жылдан бері әлем бойынша іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан тумасы Николай Павлюк есімді азамат 20 жылдан бері іздеуде жүр - ер адамды қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр, оны іздеуге Интерпол жұмылған. Алайда осы уақытқа дейін қылмыскерді таба алған жоқ, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Николай Павлюк Бескөл ауылында дүниеге келген. 90-жылдары ол қылмыс әлемінде таныла бастаған. 

Ол Краснодар өңірінде қарақшылық шабуыл жасады деп айыпталып, ұсталған. 1995 жылы жеті жылға сотталған. 

Төрт жыл отырғаннан кейін 1999 жылы 29 шілдеде ер адам бірнеше сотталушымен бірге колониядан қашып кеткен. Барлық қашқын ұсталған, тек Павлюк сытылып кеткен. Содан бері ол іздестіріліп жатқан адамдар базасында қалып қойған. 

"Ол әлі де жасырынып жүрген болуы мүмкін. Алыс шетелге шығып кете алмасы анық. Әрине, еліміздің байтақ даласында бір жерде өліп қалуы да мүмкін, бірақ 20 жылдан бері ол жылы жерде басқа есіммен өмір сүріп жатқан сыңайлы", - деп жазады басылым. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети