15 наурыз 2023 09:11

Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов Тұрар Қазанғапов

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ауқымды арнайы операция барысында интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткілер өндірісін және оларды Қазақстан аумағында өткізуді ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ауқымды арнайы операция барысында интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткілер өндірісін және оларды Қазақстан аумағында өткізуді ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтыр жыл аяғында Алматы облысындағы ведомствоның жедел қызметкерлері жедел шаралар жүргізді. Шара барысында өңір аумағында үш жасырын зертханада синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған сегіз шетелдік анықталып, ұсталған болатын.

Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қосымша осы қылмыстық топты қаржыландыруға, сондай-ақ прекурсорларды (есірткі өндіруге арналған химиялық заттарды) және зертханалық жабдықтарды шетелден Қазақстанға жеткізуге жауапты екі шетелдікті, яғни негізгі ұйымдастырушыларды анықтаған.

"Прекурсорларды жеткізуді, сақтауды және өткізуді ұйымдастырған ұйымдастырушылардың бірі Алматы қаласында ұсталды. Тінту барысында ол жалға алған алты қоймадан есірткі өндіру цикліне арналған сегіз "реактор" деп аталатын арнайы зертханалық жабдық және 13 тонна прекурсорлар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде екі тонна синтетикалық есірткі өндіруге (бұл 4 миллион доза) және сегіз ірі есірткі зертханасын құруға жол берілмеді. Сондай-ақ, синтетикалық есірткі өндіруге арналған 30-дан аса басқа жабдық, оның ішінде вакуумдық сүзгілер, терморегуляторлар, сорғылар тәркіленген. Үш жеке үй мен үш автокөлікке тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети