01 қараша 2021 13:38

Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ото:instagram.com/questraworld ото:instagram.com/questraworld

Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы Questra World-қа қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы Questra World-қа қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен аптада Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы Questra World-ты құрды деп айыпталғандар ісі сотқа берілді", - деді Н.Ораз апталық брифингіде.

Оның айтуынша, ІІМ тергеу-жедел тобы осы қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Тергеу барысында 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында Questra World қаржы пирамидасын құрып, оны қазақстандықтар да тартылған трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында басқарғаны анықталды. Пирамида басшылары салынған соманың 336 пайызға дейін табыс табуға кепілдік беріп, салымшыларға виртуалды валютаны пайдалану арқылы 90-нан 500 мың еуроға дейінгі ойдан шығарылған инвестициялық портфельдер сатып алуды ұсынған", - деді Нұрділдә Ораз.

Белсенді іс-қимылдар нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстанның мыңдаған азаматтары тартылды. Келтірілген материалдық шығын сомасы миллиард теңгеден асты.

Қылмыстық іс бойынша төрт адам, оның ішінде 2020 жылдың тамызында Беларуссиядан экстрадицияланған Ресей азаматы Ольга Клейнард жауапқа тартылды. Тергеу мәліметтері бойынша, Ольга Клейнард Қазақстан аумағында алаяқтардың әрекеттеріне жетекшілік еткен.

Қаржы пирамидасы туралы алғаш рет 2017 жылы айтылды. Ішкі істер органдары 2017 жылдың 15 наурызында Questra Holdings Inc. компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады. Қызылорда облысының прокуратурасы хабарлағандай, пирамидаға қатысу үшін кейбір азаматтар пәтерлерін сатқан.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети