Қазақстандық белгілі блогер ақша бопсалады деп айыпталып жатыр

15 Қаңтар 2018, 17:28
0
Қазақстандық белгілі блогер ақша бопсалады деп айыпталып жатыр - © pexels.com
© pexels.com

Facebook әлеуметтік желісінде "Дядя Река" лақап атымен танымал блогер Ринат Халиков аса ірі көлемде ақша бопсалады деген айыппен сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 2017 жылдың 25 қарашасынана бері қамауда.

"Халиков Ринат Ульфатұлына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша ("Қорқытып алу") қозғалған қылмыстық іс Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы Халиков аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Халиковқа қатысты айыптау қорытындысы өз уақытында берілді. Халиковқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды - 2017 жылдың 25 қарашасынан қамауға алу. Оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасына өзгертулер енгізуге негіз жоқ", - делінген соттың үкімінде.

Судьяның хаттамасында алдын ала сот тыңдалымының 10 қаңтарда өткені айтылады.

Сондай-ақ, сот актісінде Ринат Халиковтың 156/1 мекемесінде қамауда екені көрсетілген.

"Табылған айып түсінікті. Кінәмді толықтай мойындамаймын", - деп келтірілген Халиковтың сөздері хаттамада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай