10 қазан 2017 17:35

Қазақстандық Қырғызстан президенттігіне үміткер Омурбек Бабановтың үйіне кіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омурбек Бабанов. © vzglyadriv.kg Омурбек Бабанов. © vzglyadriv.kg

Қазақстандық Қырғызстан президенттігіне үміткер Омурбек Бабановтың үйіне кіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Қырғызстан президенттігіне үміткер Омурбек Бабановтың үйіне кіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бабановтың штабының мәліметінше, бұл оқиға түнгі уақытта болған.

"10 қазанда шамамен түнгі сағат 3-терде президенттікке үміткер, "Республика - Ата-Жұрт" парламенттік фракциясының лидері Омурбек Бабановтың үйіне ер адам кіріп келген. Ер адам үйге кірген сәтте оны күзет қызметіндегілер ұстап, милиция қызметкерлеріне тапсырған", - деп хабарлады штабтағылар.

Ер адамның Қазақстанның 26 жастағы азаматы А.Г. Шитов екені белгілі болды. Оның үйге қандай мақсатпен кірмекші болғаны белгісіз.

Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметіндегілер ер адамның мас күйде болып, Бабановтың үйіне кездейсоқ кіргенін айтады. Сондай-ақ, полицейлердің ер адамды үйіне қайтарып жібергені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети