Қазақстаннан ұрланған 1,3 миллион доллар Швейцария банкінен табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстаннан ұрланған 1,3 миллион доллар Швейцария банкінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстаннан ұрланған 1,3 миллион доллар Швейцария банкінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде RothschildBankZurich швейцарлық банкінен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі "тыйым салынған" ақшалай қаражатты анықтады", - делінген ведомство хабарламасында.

Сөйтсе, қаржы М. Абдралиевке тиесілі екен, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздестірілуде. М. Абдралиевке "Қорғас ісі" бойынша қылмыстық қауымдастықтың мүшелері Т. Жақаевқа, И. Әбдірахмановқа және Б. Құрманалиевке шет елде ақшалай қаражатты заңдастыруға көмектесті деген күдік келген.

Осыған байланысты, прокурор швейцарлық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдап, биылғы 29 наурызда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды.

Одан басқа, бұл қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында "ТАТ Кредит" ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде М. Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге алынғаны айтылады.

Осыдан кейін прокуратура ақшалай қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтінішхат жолдаған. Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша 2,1 миллионнан аса АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленген.

Айта кетейік, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer