23 қазан 2020 12:22

Қазнетте қасқырды аяусыз өлтірген сәт түскен видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде қасқырды өлтірген сәт түскен видео пайда болды. Ролик кейіпкерлері қазақша сөйлеп тұр, бірақ бұл қай облыста болғаны белгісіз. Экология министрлігі оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде қасқырды өлтірген сәт түскен видео пайда болды. Ролик кейіпкерлері қазақша сөйлеп тұр, бірақ бұл қай облыста болғаны белгісіз. Экология министрлігі оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео қарағандылық блогер Денис Денскидің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Оқиға Қазақстанның қай облысында болғанын нақты айта алмаймын, бірақ бұл адамдар қасқыр өлтірді. Біздің елде қандай да бір себептермен көптеген адам жануарлар мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті мүлде сезбейді. Жеке мен үшін бұл қорлау. Оқ атылған сәтті жарияламадым. Оған қарау жағымсыз болды. Есесіне бұл адамдар көңілді, не деген бақыт", - деп жазады Денис Денски.

Шынында да, видоның толық нұсқасында жануарды өлтіру сәті түсірілген.

"Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне әлеуметтік желілерде жарияланған видеоны тергеу туралы хат жолдайды. Мұндай деректерді жазасыз қалдыруға болмайды. Біз бақылауда ұстаймыз",-деді Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Министрлік Қазақстан Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес автокөлік құралдарын қолдана отырып заңсыз аң аулағаны үшін кінәлілерге 3000 АЕК-ге (8 334 000 теңге) дейін айыппұл салынатынын не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына немесе қоғамдық жұмыстарға тартылатынын не үш жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айырылатынын атап өтті.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда жануарларды қорғау туралы заң әзірленіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети