20 ақпан 2020 23:05

Қазығұртта қайтыс болған оқушының әкесі: Кім жасағанын білмейінше тыным таппаймын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған Бейбарыс Нұралы. Фото: КТК кадры Қайтыс болған Бейбарыс Нұралы. Фото: КТК кадры

Қайтыс болған 8-сынып оқушысы Бейбарыс Нұралының туыстары баланы итеріп қалғаны үшін өлді деген нұсқаға сенбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Қайтыс болған 8-сынып оқушысы Бейбарыс Нұралының туыстары баланы итеріп қалғаны үшін өлді деген нұсқаға сенбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Түркістан облысы Қазығұрт ауданында болған. Сейсенбіде балалар соңғы сабақтан шыққан - бұл дене шынықтыру еді. Біраздан соң балалар үлкендерді көмекке шақырған. Сөйтсе, мектептің артқы ауласында Бейбарыс ес-түссіз табылған. 

"Жүгіріп келгенімде басы мына жаққа, ал аяғы мына жаққа қарап жатты. Мойны тартылып қалғандай болды", - дейді куәгер.

Бейбарысты ауруханаға мұғалімдер жеткізіпті, амал не, 14 жастағы бала ауруханаға барар жолда көз жұмған. Білім бөліміндегілер тергеу жүргізіп, оқушыны сыныптасы итеріп қалғанын және содан қайғылы оқиға болғанын мәлімдеп отыр.

"Тексеріс барысында Бейбарыстың сыныптасымен жанжалдасқаны анықталды. Қақтығыс видеобақылау камерасына түсіп қалған", - деп пікір білдірді Қазығұрт ауданы білім бөлімінің жетекшісі Асан Үйсінбаев.

Телеарна мәліметінше, білім саласының шенеуніктері оқиғаның мән-жайын тіс жарып айтпай отыр. Алайда, олардың сөзінше, қатарласы оқушыға ешқандай да зақым келтірмеген. Педагогтер мұны қайғылы оқиға деп отыр: бала сәтсіз құлағаннан өліп кеткен-мыс. Алайда бұл нұсқаға марқұмның туыстары сенбейді. Оқушының әкесі мұғалімдер бірдеңені жасырып отыр дейді. 

"Бір бала Бейбарыстың жатқанын, ал оны бес оқушының тепкілегенін көргенін айтты. Сосын ол есінен танып қалыпты. Бұл кезде ол өліп кеткен болуы керек. Кім жасағанын білмейінше тыныш таппаймын!", - дейді оқушының әкесі Ғабиден Батырханов.

Ал полиция тергеуді бастады. Әзірше негізгі нұсқа - педагогтер айтқан болжам. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы ("Абайсызда қазаға ұшырату") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті бар", - деп хабарлады Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшысы Арман Ақшораев.

Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалған. Алайда оның қорытындысы кемі бір айдан кейін белгілі болады. Тергеушілер осыдан кейін ғана оқиғаның мән-жайы анықталады дегенді айтады. Ал туыстары бақылау органына шағым түсіріп, істі прокурорлар бақылауға алуын талап етпек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети