08 мамыр 2015 11:38

"Керуен" орталығы маңындағы атысқа қатысты қылмыстық іс тергеуге қайта жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Lifenews.ru сайтынан Lifenews.ru сайтынан

"Керуен" орталығы маңындағы кәсіпкерге шабуыл жасау ісі тергеуге қайта жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы атыс 2014 жылдың 26 қаңтарында болды.


"Керуен" орталығы маңындағы кәсіпкерге шабуыл жасау ісі тергеуге қайта жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанадағы атыс 2014 жылдың 26 қаңтарында болды.

Кәсіпкер Олжас Мұқажановтың айтуынша, досы екеуін бетперде киген екі адам травматикалық қарумен атып кеткен. Екі метр қашықтықтан атылған оқтың үшеуі кәсіпкердің басына, тағы үшеуі арқасына тиген. Досы да бірнеше жарақат алды. Осы деректерге орай "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, жәбірленушінің айтуынша, травматикалық қарумен жақын жерден ату адам өміріне жасалған қастандық.

Тергеу амалдары нәтижесінде қылмыстық істің орындаушылары мен ұйымдастырушысы анықталды. Астанадағы атыс дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Дегенмен онда қылмыстық істі атқарушы бір ғана адам айыпталды. Іске қатысы бар қалған екі адамға қатысты қылмыстық іс жабылды. Сонымен қатар, 2015 жылдың сәуірінде сараптамамен танысу барысында заттай айғақтардың ауысқаны анықталды. Мұқажановтың айтуынша, алғашында істе гильзаның екі түрлі маркасы көрсетілсе, кейін іс материалында бір ғана гильзаның маркасы болған. Зардап шегушінің айтуынша, гильзаны жасыру - іске тек бір адамның қатысы барын дәлелдеу үшін жасалып отыр. ІІМ өкілдері заттай айғақтардың ауыстырылғанын растады.

Астанадағы №2 Есіл аудандық соты қылмыстық-процестік кодекстің бұзылуына байланысты істі қайта қарап, оны прокуратураға қайта жіберу туралы қаулы шығарды. Судьяның айтуынша, Астанадағы атыс бойынша қозғалған қылмыстық іске тапсырыс беруші мен тағы бір орындаушыға қатысты іс ерте жабылған. Сондықтан да олардың қазір қай жақта екені белгісіз.

Сонымен қатар, сот Астанадағы атысқа қатысты іс адам өлтіруге бағытталғанын растады. Оған оқтың жақын жерден атылуы мен оқтың маңызды мүшелерге тигені дәлел.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети