23 маусым 2020 08:09

Көкшетауда екі әйел жұлысып, дүкеннің тас-талқанын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасының кадры КТК телеарнасының кадры

Көкшетауда дүкен сатушысы мен сатып алушы жұлысып, дүкеннің тас-талқанын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.


Көкшетауда дүкен сатушысы мен сатып алушы жұлысып, дүкеннің тас-талқанын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бастапқыда әйел сатып алушыдан бүлінген тауардың өтеуін сұраған. Екіншісі бұл ескертуіне құлақ аспай, тебе бастаған.

Олар тіпті келушілер мен балалардың көзінше былапыт сөз айтып, тауарларды қиратқан. Ақырында оларды екі жігіт ажыратып тынған.

Енді сатушы бүлінген тауарының құнын есептеп, өтеуді талап етіп отыр. Ол полицияға арыз берген, алайда бұзақылық дерегі бойынша екеуінің үстінен де іс қозғалған. 

"Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша соталды өндіріс батсады. Бұл деректі полиция тергеп жатыр. Екі күдіктіге де келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети