02 маусым 2017 16:57

Көкшетауда жолаушы такси жүргізушісін зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

armlur.am armlur.am

Көкшетау полициясы қалалық такси жүргізушісін зорлады делінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Көкшетау полициясы қалалық такси жүргізушісін зорлады делінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көкшетау ІІБ кезекші бөліміне қалалық таксиде жұмыс істейтін 38 жастағы жергілікті әйел келіп, шағымданған. 

Әйел адамның айтуынша, ер адам түнгі уақытта қала орталығынан басқа бір ауданға өзі жүргізген таксимен кетіп бара жатқан. Белгіленген жерге келгенде жігіт басқа жерге апарып тастауын өтініп, көліктен шықпаған. Клиенттің өтініші бойынша, ол тұрғын үйден алыс жерге тоқтаған, сол жерде қаскүнем интим қатынасқа түсуді ұсынған. "Жоқ" деген жауап алғаннан кейін жолаушы әйел жүргізушіге шабуыл жасап, қорқытып, зорлаған. Дене жарақаттарын алған әйел адам зорлықшыны алдап қашып құтылған. 

Әйел адам құқық қорғау қызметкерлеріне оның қандай киім кигенін, түр-әлпеті қандай екенін, барлығын айтып берген. Полицейлер сол адамға ұқсас бірнеше адамды кіргізген уақытта зардап шеккен әйел қаскүнемді бірден таныған. 

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, зорлықшы сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ер адам бұрындары ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі ("Зорлау") бойынша іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети