04 ақпан 2014 14:07

Көкшетауда нәресте 200 мың теңгеге сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәби 200 мың теңгеге бағаланған. Фото Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінен Сәби 200 мың теңгеге бағаланған. Фото Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінен

Көкшетау қаласында бір әйел өзінің жаңа туған сәбиін 200 мың теңгеге сатып жіберген деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "31 қаңтар күні жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жаңа туған қызын сатып жіберген облыс орталығының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Нәрестенің құны 200 мың теңге болған", - делінген полицияның хабарламасында. Бойжеткеннің ішкі істер органының есебінде тұрғаны белгілі болды. Ол жүктіліктің тоғызыншы айында-ақ сәбиді кімге сататынын ойластыра бастаған. Қазіргі кезде нәресте Ақмола облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Анасына қатысты "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін бала сату дерегінің Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелгені естеріңізде болар. 27 жастағы әйел өзінің төрт баласын 1,5 млн теңгеге саудалаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети