04 мамыр 2020 13:04

Көкшетаулық мемқызметкер Антикоррупция қызметкерлерінің қысым көрсеткенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Көкшетауда мемлекеттік қызметкер Instagram желісіндегі парақшасында Антикоррупция қызметкерлеріне шағымданды. Ол ведомство өкілдерінің қысым көрсететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетауда мемлекеттік қызметкер Instagram желісіндегі парақшасында Антикоррупция қызметкерлеріне шағымданды. Ол ведомство өкілдерінің қысым көрсететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Самат Сайдалин Антикоррупцияның жергілікті қызметкерлерінің оны 9 сағаттан аса уақыт заңсыз ұстағанын айтады.

Сайдалиннің айтуынша, ол осы жағдай бойынша прокуратураға арыз қалдырды. Қазіргі уақытта полиция департаменті қылмыстық іс жүргізіп жатыр дейді.

Мемқызметкердің адвокаты Алмагүл Ыдрысова қорғалушысы Сайдалинге қатысты қылмыстық іс қозғаған қызметкерлердің бірінің осыған дейін ТЖ режимі кезінде баняға барғаны үшін жұмыстан босатылғанын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Самат Сайдалин (@zhanali_medina)

"Сайдалинді 1987 жылғы генераторды есептен шығарғаны үшін ұстаған. Ол генератор 2 жыл уақыт жұмыс істемеген, сондықтан 47 мың теңгеге металл сынықтарын өткізетін жерге берген.

Антикоррупция қызметкерлері оған 15 сағаттан аса уақыт су мен тамақ бермеген. Ал жедел жәрдем шақыру туралы өтінішін мүлде елемеген.

Адвокаттың айтуынша, қазіргі уақытта Антикоррупция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеріс басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети