05 қазан 2020 07:33

Көкшетаулықтар қаладағы әккі алаяқ туралы шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kokshetau.asia © kokshetau.asia

Көкшетаулықтар құқық қорғау органдарына шағымданды. Олардың айтуынша, қала тұрғыны алаяқтық жасап, олардың ақшасы мен мүлкін иемденген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Көкшетау Азия" басылымына сілтеме жасап. 


Көкшетаулықтар құқық қорғау органдарына шағымданды. Олардың айтуынша, қала тұрғыны алаяқтық жасап, олардың ақшасы мен мүлкін иемденген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Көкшетау Азия" басылымына сілтеме жасап. 

Ер адам тұрғындардың сеніміне кіріп, бизнеспен айналысатын адамның кейпін танытқан. Ал адамдар оған ақшасын немесе мүлкін бергеннен кейін оны өз бетінше пайдаланған. Осылайша уәдесінде тұрмаған.

Біреуге ол үйге жылу өткізіп беремін десе, екіншісіне көлік алып беретінін айтқан. Ал тағы біреуден көлігін жай жүргізуге алып, сатып жіберген.

Зардап шегушілердің айтуынша, 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін аталған тұлғаның арбауына түскен адамдардың 38 жағдайы бар. Алайда күдікті жүздеген миллион шығын келтіргенімен, әлі бостандықта жүр.

"Зардап шегушілер бұл азаматтың құқық қорғау ведомстволарында қамқоршысы бар деп есептейді. Сондықтан ол бірнеше жылдан бері жазаға тартылмай келеді. Сондай-ақ қарызды қайтару туралы қандай да бір іс-әрекетті полиция тоқтатып тастайды", - деп жазды басылым.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети