45 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікті Польшадан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады.
"Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндетін орындамай, жасырынған деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Биыл ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазір ол ұстау изоляторына қамауға алынған.
Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!